Жоба туралы

Құқықтық мемлекеттiң қалыптасуы халықтың құқықтық мәдениетiнiң дамуымен тығыз байланысты.

Жеке тұлға болсын, мемлекет болсын экономикалық және әлеуметтік мәселелерді сәтті шешу, егер құқықтық сауаттылық, азаматта заңды терең құрметтеу тәрбиесі болмаса мүмкін емес.   

Осыған орай, азаматтардың құқықтық санасын, заңгерлік сауаттылығын арттыру,  құқықтық насихаттың сапасы мен көлемiн кеңейту жұмыстарын әркім, әсіресе Заңгерлер белсенді жүргізу қажет деп санаймыз.

Біздің ойымызша, мақсатқа жетудің маңызды бағыттарының бірі азаматтардың өзекті құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Сондықтан, «Adildik.kz» сайтының негізгі мақсаты – ең өзекті құқықтық ақпаратқа қолжетімділіктің бірыңғай орны және заңи көмектің орталығы болу.

Портал  құқық тақырыптарына және олардың адам өміріндегі әр түрлі салаларында қолданылуының ерекшеліктеріне арналған.

«Adildik.kz» сайтының  құқықтанудағы сан алуан тақырыптарды қамтуы, әр түрлі бағыттағы блоктарды құрауы бірыңғай ақпараттық құқықтық кеңістікте әр түрлі жастағы әрі әлеуметтік категориялы адамдарды біріктіруге мүмкіндік береді.

Осы құқықтық ақпараттық құрал сапалы әрі тиімді болуы үшін, күштердің бірігуі, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің тығыз сыңдарлы қарым-қатынасы қажет.

Біз бұл порталдың дамуы барлық мүдделі тұлғаларға пайдалы болатынына сенімдіміз  .

Сондықтан, барлығымызға ортақ Бірыңғай құқықтық «Adildik.kz»  интернет-ресурсына қош келдіңіздер.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz