Сіздің көмегіңіз қажет

Құрметті жанашыр азаматтар!

Мемлекетіміз дамып, еліміз өркендеп жатқанына бәріміз куәміз. Алайда, алар белестер әлі алда. Бізге белгілі, Отанымыздың дамуы халықтың құқықтық мәдениет деңгейiнiң өсуімен тығыз байланысты. Осыған орай, адамдардың құқықтық санасын, заңгерлік сауаттылығын арттыру, құқықтық насихаттың сапасы мен көлемiн кеңейту жұмыстарын әркім белсенді жүргізу қажет деп санаймыз.

Көптеген қандастарымыз өз құқығын білмеу салдарынан жағдайлары мүшкіл халде немесе басқа тілдерден аударумен күн көруде. Оған бірден бір себеп қазақша ақпараттың тапшылығы екені белгілі.

Бүгінгі таңда, өзіңіз байқап көрсеңіз, көптеген сайттар ашылуда. Бірақ, тәуелсіз елімізде арнайы мамандандырылған қазақ тіліндегі құқықтық сайт мүлдем жоқ. Бұл жағдай өте өкінішті.

Әрине, көптеген сайттарда құқықтық ақпараттар бар. Алайда, құқықтанудағы сан алуан тақырыптарды қамтитын, әр түрлі жастағы әрі әлеуметтік категориялы адамдарды құқықтық ақпараттық кеңістікте біріктіретін сайт тапшы.

Сондықтан, «www.adildik.kz» сайтын ашудағы негізгі мақсат – ең өзекті құқықтық ақпаратқа қолжетімділіктің бірыңғай орны мен заңи көмектің орталығы болу (қарап көруіңізді өтінеміз).

Осы құқықтық ақпараттық құрал сапалы әрі тиімді болуы үшін Сіздердің көмектеріңіз ауадай қажет.

Біздің шығындардың басқа сайт шығындарынан еш айырмашылығы жоқ. Біз де сервер мен электр қуатына, программалық қамтамасыз ету мен қызметкерлердің еңбектеріне ақы төлеудеміз.

Сайттың жұмыс істеуі Сіздердің жәрдемдеріңіз бен қайырымдылықтарыңызға тікелей байланысты әрі бағынышты.

Егер осы хатты оқыған әрбір азамат шамасы келгенше қаржылай көмек көрсетсе, біз алдағы 1 ай тіршілік етуге қажетті соманы 1 күнде жинап алатын едік. Түскен сома жұмсалуының ашықтығы мен айқындығына сайтқа тиісті ақпарат үнемі беру арқылы кепілдік береміз.

Сіз осындай сайттың дамуын қажет деп санасаңыз, Сізден 10 минут уақытыңызды бөліп, сайт жұмысының жалғасуына қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.

Құқықтық қазақ сайтының дамуына қосқан үлесіңізге мың алғыс!

Мархабат, көмек күтеміз…


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz