Тажаяқов пен Қадырбаевқа қатысты сот үкімін шығару кейінге қалдырылды

Тажаяқов пен Қадырбаевқа қатысты сот үкімін шығару кейінге қалдырылды

Бостон соты лаңкестік әрекетті тергеуге кедергі келтірді деп айыпталып отырған Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевқа қатысты үкім шығаруды кейінге қалдырды. Бұл туралы Тажаяқовтың адвокаты Аркадий Бух мәлімдеді. 

Адковаттың айтуынша, Тажақов пен Қадырбаевқа жаңа үкім шығару күні әлі белгісіз, алайда 2015 жылдың басына дейін шыға қоймасы анық. Бұған қоса ол үкім шығару АҚШ-тың Жоғары соты алдымен 2007 жылы Мексика шығанағының жағалау сақшылары тұтқындаған флоридалық балықшы Джон Ейтске қатысты шешім шығарғаннан кейін ғана болады деп отыр. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz