Қазақстанда жұмыссыз студенттердің саны артты

HeadHunter компаниясы 2014 жылдың үшінші тоқсанында порталға келіп түскен түйіндемелерді зерттеді. Зерттеу нәтижесінде сарапшылар түрлі саладағы түйіндемелердің динамикасын анықтады. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі job-порталдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Бір жылдың ішінде сауда, әкімшілік қызметкерлер, өнеркәсіп, сонымен қатар көлік және логистика саласында жұмыс іздеуші адамдардың саны артқан. Мансаптарын енді бастаған студенттер мен адамдардың саны 1,1%-ға өскен. Ал бухгалтерия, қаржы кәсіпорны, ІТ, интернет, телеком және банк, инвестиция, лизинг салаларында жұмыс іздеушілердің саны керісінше төмендеген. Түйіндемелерін өткізген заңгерлердің саны 1%-ға кеміген.

«hh.kz сайтына енгізілген түйіндемелердің саны әрдайым өсуде. Бұл қазақстандықтардың жұмысты онлайн-іздеу арқылы қарастыратындықтарын көрсетеді. Әсіресе, студенттерден келіп түсетін түйіндемелер көп. Былтырғы жылмен салыстырғанда 2%-ға артық. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласында жұмыс ісдеушілердің саны көбейген», - деді HeadHunter компаниясы PR және маркетинг бөлімінің директоры Әсел Беженова. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz