ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысы өтеді

ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысы өтеді, - деп хабарлайды, - Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

"Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы халықаралық ынтымақтастық; 2015-2016 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одақ интеграцияланған ақпараттық жүйесінің қызмет етуі және дамуы; кеден заңнамасын одан әрі жетілдіру; ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың Бірыңғай тізбесіне өзгертулер енгізу; басқа да бірқатар мәселелер де қаралады" делінген баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz