Баланың төлемақысы қанша?

Үш баласын өмірге әкеліп, төртіншісін күтіп отырған Қарағандылық Жанар Палымова барар жері, басар тауы қалмағанын айтып қынжылады. Қиын тұрмыстық жағдайда өмір сүретін отбасы мүшелерінің жеке куәліктері де жоқ. Сондықтан анасы жөргегіндегі нәрестесінің туғанына берілетін төлемақысынан да қағыламын деп алаңдайды.

Жанар Палымованың отбасы көмір өңдейтін фабрикаға тиесілі пәтерді паналауға мәжбүр. Баспананың құжаттары болмағандықтан, оны өз аттарына аударуда да қиындықтар туындапты. Кесірінен отбасы мүшелері тіркеуге тұра алмаған.

Енді үш баланың анасы жаңа туылар сәбиіне мемлекеттен бөлінетін төлемақыны қалай аларын білмейді. Өйткені тіркеуі жоқ нәрестеге тіпті туу туралы куәлік те берілмейді.

ЖАНАР ПАЛЫМОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Қазір, міне, төртінші балаға аяғым ауыр. Ол балаға, я пособие да ала алмаймын. Өйткені пропискам жоқ. Прописка времменно уақытша отырмын. Оған отырған үйдегілер шық деп жатыр. Ал баланы туғаннан кейін отырғызатын пропискаға отырғызатын жер жоқ.

Ал әрбір ана сәбиін өмірге әкелгеннен кейін қандай төлемақы ала алады? Еңбек Кодексінің 113 бабына сәйкес жүктілік бойынша бала туғанға дейінгі 70 күн мен нәресте дүниеге келгеннен кейінгі 56 күнге еңбек демалысы беріледі. Жүктілік бойынша берілетін демалыс күндері жұмыс берушінің қарамағында қанша істегеніне байланысты болмайды. Ал егер де баласын өмірге әкелген әйел босанғанына бір жыл өтпей жұмысқа шықса, бала күтіміне байланысты 1 жыл бойы берілетін төлемақысынан қағылмайды.

СӘУЛЕШ ДҮЙСЕНБИНА, СҚО зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы директорының орынбасары:

- Жұмыс істейтін әйел жүктілік бойынша демалысқа шығар кезде бірден табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақысын ала алады. Бұл төлемақының көлемі соңғы 12 айдың орташа табысынан алынып, 4,2 пайыздық коэффицентіне көбейтіле саналады.

Әйел босанғанан кейін оған бюджеттен белгіленген бір реттік төлемақы төленеді.

  • Бірінші, екінші, үшінші бала туғанда берілетін бір реттік мемлекеттік әлеуметтік төлемақы - 58172
  • Төрт немесе одан дакөп бала туғанда берілетін бір реттік мемлекеттік әлеуметтік төлемақы - 96953

Бала күтіміне байланысты 1 жыл көлемінде берілетін мемлекеттік әлеуметтік төлемақы көлемі:

  • Бірінші балаға -10 668
  • Екінші балаға - 12613
  • Үшінші балаға - 14539
  • Төртінші және одан көп балаға - 16 483

Ал жүктілік уақытына дейін болашақ ана еш жерде жұмыс істемеген болса, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемақы ала алмайды. Бірақ келіншекке бюджеттен берілетін бір реттік мемлекеттік төлемақы төленеді.

СӘУЛЕШ ДҮЙСЕНБИНА, СҚО зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы директорының орынбасары:

- Жұмыс істемейтіндеріне сонымен бірге, бюджеттен 1 жыл бойына бала күтіміне байланысты төлемақы беріледі. Ал жұмыс істейтін аналар 1 жыл бойына бала күтіміне берілетін төлемақыны әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы алады.


РУСЛАН ҚҰСАЙЫНОВ, тілші:

- Сәбилеріне берілетін төлемақыны ата-аналары зейнетақы төлеу және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып көмекке жүгіну арқылы алуға болады. Сонымен бірге, үйде отырып - ақ электрондық үкімет порталымен рәсімдеуге де мүмкіндік бар. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz