Еgov пайдаланушыларының саны бір жылда екі есеге көбейді

Осы жылы электрондық үкімет порталының пайдаланушылары санының артуы 1,2 млн. адамды құрады. Жалпы саны 2,8 млн. адамға көбейді.

 «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Исмагамбетовтың айтуынша, бүгінгі таңда ең танымал электрондық сервис - мекенжай анықтамасын алу болып табылады. Өтінім саны бойынша алғашқы үштікке жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар мен зейнетақы аударымдары туралы анықтама кіреді. Үйреншікті танымал қызметтермен қатар бизнес үшін қызметтерге де, әсіресе заңды тұлғалар (ЗТ) туралы түрлі мәліметтерді алу қызметіне сұраныс артып келеді.

«Тіркелген ЗТ туралы электрондық анықтаманы алу мүмкіндігі egov 10 ең танымал қызметтер тізіміне кірді. Бизнеске оны ХҚКО барып алуға қарағанда egov арқылы алған ыңғайлы – деп хабарлады Исмагамбетов.

Атап айтқанда, егер 2012 жылы бұл анықтама 23 мың рет алынса, биылғы жылы – 314 мың рет алынды.

Бұдан басқа кәсіпкерлер арасында ЗТ мемлекеттік тіркеу, ЗТ филиалдары мен өкілеттіліктерінің бар болуы, ЗТ барлық тіркелу әрекеттері туралы анықтамалар үлкен сұранысқа ие.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараты бойынша электрондық қызметтер мен сервистердің белсенді пайдаланушылары болып автокөлік иеленушілері табылады. Осы жылы қазақстандықтар egov арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды жиі төлей бастады. Егер өткен жылы төленген айыппұлдар саны 291 млн.теңгені құраса, биылғы жылы бұл сан 3 есеге көбейді.

Дәл осы динамиканы айыппұлдарды, салықтарды, баж салығын төлеу механизмдері көрсетеді. 31 қазанына қарасты egov арқылы жүргізілген жалпы сома 1,9 млрд. теңгені құрады, бұл барлық өткен жыл қорытындысы бойынша көрсеткіштен 800 млн.теңгеге артық.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz