ЖҚЖК аясында 12 мың кембағал жан жұмысқа орналасты - Жақыпова

Қазақстанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 12 мың кембағал жан жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Ақмола облысына Елбасының халыққа Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіруге барған ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.

 «Вице-министр орталық аудандық аурухана мен Атбасар қаласындағы түберкулезге қарсы диспансерде болды. Онда ол ұжыммен кездесу барысында салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, ана мен бала өлімінің көрсеткішін төмендету сынды мәселелерге ерекше тоқталды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, С. Жақыпова өз сөзінде Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының басты бағыттарын және алға қойылған міндеттерге тоқталды. Бұдан басқа, кездесу барысында ЖҚЖК-2020 бағдарламасының жүзеге асырылу барысы да тілге тиек етілді. Жалпы, вице-министр Жолдаудың әлеуметтік бағытын кеңірек әңгімеледі.
«Бүгінгі таңда елімізде 626 000 мүгедек тұрады, біз олардың жұмысқа орналасуына жағдай жасауымыз керек. Бүгінде 12 000 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналастырылды. Бұдан басқа жарымжан жандардың құқығын қорғау мақсатында біздің министрлік кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымша енгізу бойынша заңжобасын жасақтады. Аталмыш заңжобасы барлық мемлекеттік органдармен келісілген және Премьер-министрдің кеңсесіне жіберілді»- деп атап өтті С. Жақыпова.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz