Мәжіліс пен Сенатты «татуластыратын» депутаттар сайланды

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында төменгі палата мен жоғарғы палата арасындағы келіспеушіліктерді қарайтын комиссияға Сенат атынан үш депутат сайланды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 Атап айтқанда, Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенаты арасындағы келіспеушіліктерді қарау және еңсеру үшін келісу комиссиясының құрамына Парламент Сенатының депутаттарын сайлау туралы» Қаулы қабылданды.

Осылайша, Сенат депутаттары Серік Ақылбай, Владимир Бобров және Дулат Құсдәулетов осы комиссияға мүше болып қабылданды.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz