Байқоңырдан "Союз-2.1а" зымыраны ұшты

Бүгін Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс М-25М» жүк кемесін тіркеген «Союз-2.1а» жаңартылған зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл туралы Ресейдің «Роскосмос» ғарыш агенттігі хабарлады. 

Астана уақыты бойынша 13 сағат 49 минутта ұшырылған кемеде халықаралық ғарыш станциясындағы ғарышкерлерге арналған оттегі, азық-түлік, отын және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті заттар бар.

«Прогресс М-25М» кемесі халықаралық ғарыш станциясымен Астана уақыты бойынша 18 сағат 9 минутта түйіседі деп жоспарланған.

Өткен түні АҚШ-тың Вирджиния штатындағы ғарыш айлағынан ұшырылған Antares зымыраны жерден көтеріле бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Америкалық жекеменшік Orbital Science фирмасы жасап шығарған зымыран халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізуі тиіс болған. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz