"Әлем аруы" байқауына Қазақстан атынан қатысатын ару анықталды

"Әлем аруы" байқауына Қазақстан атынан қатысатын ару анықталды

"Қазақстан аруы-2014" Айдай Исаева АҚШ-тың Майами қаласында өтетін "Әлем аруы-2014" байқауында Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды Алаш айнасы басылымы.

 Айдай Исаева ресми түрде конкурсқа тіркелді, енді ол - "Әлем аруы" қатысушысы. Бұған дейін жергілікті ұйымдастырушылар халықаралық байқаудың өтетін уақыты белгісіз болғандықтан, республиканың атынан кімнің шығатынын ресми түрде хабарлай алмаған еді.
"Әлем аруы-2014" байқауы АҚШ-тың Майами қаласында 25 қаңтарда өтеді.
Айдай байқауға белсенді түрде дайындалып жатқанын, жаттығу залына барып, шет тілін меңгеріп жүргенін жеткізді. Әзірше Айдай конкурсқа қандай киім киіп шығатынын нақтыламады, бірақ ол отандық дизайнер Наиль Байкүшіковтың кешкі көйлегін киіп шыққысы келетінін айтқан.
"Әлем аруы-2014" конкурсының финалына екі апта қалғанда Майамиде 126 елдің қыздары жиналады. Онда олар дайындалып, қайырымдылық жұмыстармен айналысады.
Конкурс 200 елде тікелей эфирде көрсетіледі. Жеңімпазға тәжді Венесуэла аруы Габриэла Ислер кигізеді.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz