«Нұрлы болашақ жолында!» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті

«Нұрлы болашақ жолында!» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті

«STOP ҚЫЛМЫС» жобасы аясында 2014 жылдың 18-19 қазан күндері Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ИДК «Оратор» интеллектуалды пікірсайыс клубының 10 жылдығына орай «Нұрлы болашақ жолында!» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Алаш зиялыларының өнегесін тәрбиелеу, болашақ ұлт зиялыларын тәрбиелеу, ұлтаралық келісімді арттыру және халықтар достастығын нығайту мақсатында өткен бұл турнирге Астана, Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Семей, Қызылорда, Тараз, Қостанай, Шымкент сынды 9 аймақтан 64 пікірсайысшы қатысты. Екі күнге созылған аталмыш турнирдің бірінші күнінде БПФ форматы бойынша іріктеу кезеңі, ал екінші күнінде жартылай финал және финал өтіп, ЛД форматы бойынша «Ең үздік спикер» анықталды. Турнир қорытындысы бойынша ІІІ-орынды Тараз қаласынан келген «Жазалаушы мен қорғаушы» фракциясы: Джаналиев Сағат және Сәрсенбек Ақнұр, ІІ-орынды Астана қаласы «Парасат» пікірсайыс клубының «Форс Мажор» фракциясы: Әуесханова Жанаргүл және Жолмағанбетов Ернар, бас жүлдені "Қас Сақ" фракциясы: Қызылордалық Кеңшілік Сабыржан және Семейлік Ықыласов Қайрат иемденді. Сондай-ақ, «Үздік спикер» атына Ықыласов Қайрат лайық болып табылса, «Ең үздік спикер» атағы Қалиев Дастанға бұйырды. Барлық қатысушыларға арнайы диплом мен халықтың рухани мұрасына айналған кітаптар , марапат иелеріне ұялы телефондар мен фотоаппараттар табыс етілді. Турнир соңында әр аймақ ИДК «Оратор» интеллектуалды пікірсайыс клубын туған күнімен құттықтап, сыйлықтарын табыстады. 
Ұйымдастырушысы «Нұр Отан» партиясы Астана қаласындағы «Нұр» филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының, «Жария» халықаралық орталығы» қоғамдық қорының, және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ИДК «Оратор» интеллектуалды пікірсайыс клубы.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz