Тұмаудан сақ болыңыз!

Тұмаудан сақ болыңыз!

Тұмауға да жеңіл-желпі қарауға болмайды. Вирусты инфекция асқынып кетсе, соңы ауыр жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан оның алдын алған жөн дейді Астанадағы №8 қалалық емхананың дәрігерлері. Әсіресе күзде өрши түсетін жіті респираторлық вирустық инфекциялар жер бетіндегі халықтың 15%-на дейін жұғады екен, - деп хабарлайды 24.kz.

Әлия Мырзағалиева егіз қызы Аружан мен Аяжанды кезекті тексеруден өткізуге алып келіпті. Дәрігерлердің ақыл-кеңесіне көбірек құлақ асатын келіншек тұмауға қарсы уақтылы ем алып отырады. «Соның арқасында қыздарым қыста сабақ кестесінен қалып, не төсек тартып жатқан емес. Өзіміз де дер кезінде екпе салдырдық. Жалпы тұмауға жеңіл қарауға болмайды», -дейді ол.

Әлия Мырзағалиева,қала тұрғыны:

- Кезекті ауру ретінде қабылдамаймыз. Жай сол бас не іш ауруы деп қараймыз. Ал негізінде оның салдары көп. Ауыр зардабы болмас үшін, келешекте балалардың денсаулығына күш түсірмеу үшін дер кезінде қаралып, тексеруден өтіп тұрған дұрыс.

20 жылдан астам медицина саласында еңбек етіп келе жатқан Гүлмира Дүйсенбева жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан жағдайда өз бетінше ем қабылдауға болмайтынын ескертеді. Өйткені асқынған дерттің қайтуы қиын. Залалы да болуы мүмкін. Сондықтан дәрігер кеңесін алған жөн дейді. Өйткені екпенің қызуы көтеріліп, тұмау белгілері байқалған адамдарға әсері болмайды.

Гүлмира Дүйсенбаева, №8 қалалық емхананың дәрігері:

- Инфлюван, ваксигрип алған адамдар олар қыстың күні тұмаумен ауырмайды деп айта алмаймыз. Ауру әртүрлі болады, ол адамның да иммунитетіне, табиғатына да байланысты.

Біреулер ауырмауы мүмкін. Біреулер жеңіл дәрежеде өтеді. Енбі біреулері қыс бойы тұмау болмай өтеді. Бір ғана емханада 76 мыңнан астам адам тіркеуге алынған. Оның 15 мыңға жуығы – балалар. Күні бүгінге дейін 200-ден астам балаға тұмауға қарсы екпе жасалыпты. Көпшілікпен күнделікті тығыз жұмыс жасайтын 139 медицина қызметкерлері мен 12 жүкті әйелге вакцина салынған. Жалпы тұмауға қарсы 1300 дана екпе тегін бөлініпті. «Бұл дәрілер аса қауіпті вируспен күресуге қауқарлы», - дейді дәрігерлер.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz