• Басты
  • Заңи жаңалықтар
  • Елбасы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған заңға қол қойды
16 өңірден үздік деп танылған 21 жобаға 1 млрд теңге бөлінді

16 өңірден үздік деп танылған 21 жобаға 1 млрд теңге бөлінді

Бүгінде тағдыр тауқыметін тартып, әлеуметтік көмекке зәру жандарға барынша қолдау көрсету керек. Елордада Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың жетекшілігімен өткен жиында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осылай деп мәлімдеді. 

Бір ай көлемінде сайтта дауыс беру арқылы бірегей жобалар іріктелген. Онда мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбекке араласып, олардың емін-еркін жүріп, жайлы өмір сүрулеріне барлық жағдай жасау көзделген. Алғашқы екі жылдағы нәтижелерде көңіл көншітерлік. Ендігі меже – осы жобаларды республика бойынша тарқату. Мамандар: «Жыл сайын берілетін 150 млрд-тан астам қаржыны да орынды жұмсауымыз тиіс», - деп атап өтті.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
-Жалпы бүгінгі өтіп жатқан көрме – тек қана жарымжан адамдарға ғана емес, өмірде қиыншылыққа тап болған азаматтар бойынша жасалған жобалар. Біз биылғы жылдың өзінде республикалық бюджеттен өзіміз арқылы 1 млрд жуық теңге бөлдік. Бұл қаражат 54 мемлекеттік емес ұйымдарға жарымжан азаматтарға көмектесуге бөлініп жатыр. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz