Қазақстанда жаңа рекордтар кітабының кейіпкерлері белгілі болды

Қазақстан рекордтар кітабының жаңа баспасы келесі жылы жарық көреді. Бұл туралы Almaty.tv тілшісіне рекордтарды тіркейтін департаменттің директоры және «Ғалым» баспа үйінің бас редакторы Бахытжан Тастүлеков мәлімдеді. 

КинЭС энциклопедиясының соңғы басылымы 2013 жылы шыққан.

«Бізде жыл сайын кітап мазмұнының 30-40%-ы өзгереді. Қалған бөлігі сол қалпында қалады – ең үлкен тау, өзен сияқты ақпарат өзгермейді. Адамдар орнатқан рекордтар ауысады. Кейде бір адам өзі рекордын жаңартып жатады», - деді Тастүлеков.

КИнЭС кейіпкерлерінің бірі – 44 жастағы Диханұлы Жамали. Ол 18 өткір пышақ жүзімен оп-оңай жалаң аяқ жүріп өте алады. Сонымен қатар, 2 пышақтың жүзінде тұрып, бір уақытта тістерімен 88 килограммдық жүкті ұстап, қолымен салмағы 32 килограмм гірді көтереді. Қазақстандық энциклопедияның жаңа басылым беттерінде Жамали өз рекордын жаңартты. Ол енді 300 өткір пышақ жүзімен жүре алатындығын дәлелдеді. Сонымен қатар, бұл кейіпкеріміз рекордтар кітабында «Қара Жорға» ұлттық биін бір уақытта 15 мың адамға орындатқан ұйымдастырушылардың бірі болып табылады.

Тағы да бір «өткір» рекордты 18 жастағы Қуаныш Анешев орнатты. Ол аузына 100-ден астам ұстараның жүзін сала алады.

Қазақстандықтар ең кішкентай әншімен де танысу мүмкіндігіне ие болады. Жамбыл облысына танымал Азамат Есеевтің бойы бар болғаны 95 см құрайды. Жеке концертін әлі бере қоймаса да, кейіпкеріміз түрлі жиын-тойларда ән шырқайды.

Қазақстандағы ең жылдам тауық жұмыртқасын буып-түйетін адам да анықталды. Осындай атақпен КинЭС-тер кітабына талдықорғандық құс фабрикасының қызметкері Мұхаметқали Тұрысбектің аты тіркелді. Бір қорапты толтыру үшін оған 7 секунд қажет.

Рекордтар кітабына тіркелген ең қызықты жәйттардың бірі, Астана қаласындағы бас ми ісігін жою операциясы. Үш сағат бойы науқас хирургтармен жиі сөйлесіп жатқан.

Болашақ баспаның ішінде бос орында әлі де бар. Кітапта атыңыз қалу үшін міндетті түрде бойыңызда бір қасиеттің болуы тиісті емес. Мысалы, бірнеше тұшпараны санаулы секунттардың ішінде түю сынды ерешеліктер болса болғаны. Десе де, кітап редакторлары қабылдамайтын рекорттар да болады. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz