«Қазпошта» тұтынушыларына хат жіберудің жаңа түрін ұсынуда

«Қазпошта» АҚ өз тұтынушыларына жеткізудің жаңа түрін – постаматтарды ұсынуда. Ұлттық компанияның хабарлауынша, жаңа құрылғы ыңғайлы болмақ. Осы айдың соңына дейін Қазақстанның үш қаласында терминал өз жұмысын бастайды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Қазпоштаның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

«Постамат – интернет-дүкендерде және каталогтар арқылы тапсырыс берілген тауарларды беретін, альтернативті жеткізетін автоматтандырылған терминал», - делінген хабарламада.

Соңғы айтылған қызмет түрі үшін пошта бөліміне барудың қажеті жоқ. Клиент тауарды өз жұмыстарымен жиі баратын бизнес-орталықтарында немесе ойын-сауық орталарынан алу мүмкіндігіне ие болады. Постаматтардың басым бөлігі тәулік бойы жұмыс істейді.

2014 жылдың соңына дейін Қазақстанда 17 постамат жұмысын бастамақ. Аталмыш құрылғының тоғызы Алматыда, алтауы Астанада және екеуі Қарағандыда орнатылады. Постамат арқылы тауар алу немес жіберу тәртібін ұлттық компанияның сайтынан білуге болады.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz