Жұмыссыздар саны 458,1 мың адамды құрады

2014 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны бағалау бойынша 458,1 мың адамды құрады.

Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті баспасөз қызметі мәлімдеді.

2014 жылғы тамызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 62267 теңгені құрады, бұл 2013 жылғы тамызға қарағанда 9,3% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,1% өсті.

2014 жылғы тамызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 121763 теңгені құрап, 2013 жылғы тамызға қарағанда 10,7 % өсті. Нақты жалақы индексі 2013 жылғы тамызға 103,3% құрады.

2014 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны бағалау бойынша 458,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2014 жылғы қыркүйектің соңына 55,9 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,6%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,3%-ын құрады.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz