ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заңына өзгертулер енгізілді

Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңына өзгертулер енгізілді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Жамбыл облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасай отырып.

2014 жылдың 20 қазанынан бастап Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңының 29-бабы 5-тармағына сәйкес механикалық көлік құралдарының 65 жасқа толған жүргізушілері әрбір екі жыл сайын қайта дәрігерлік тексеруден өтуге тиіс болады.

Қазіргі уақытта барлық жүргізушілер жүргізуші куәлігін оның мерзімі аяқталуына байланысты (10 жыл – авт.) ауыстыру барысында дәрігерлік тексеруден өтуі тиіс. Аталған заң күшіне енгеннен кейін бұл талап 65 жасқа дейінгі жүргізушілерге қатысты.

Жоғарыда аталған заң бабының 9 тармағына сәйкес дер кезінде қайта дәрігерлік тексеруден өтуге бақылау жасау жүргізуші куәлігін беру мен ауыстыру барысында жүзеге асырылады, сондай - ақ оны алып қойғаннан кейін қайтару барысында, автокөлікті жол қозғасылысына қатыстыруға рұқсат беру кезінде және автокөлік жүргізушісін жұмысқа қабылдаумен онымен еңбек қатынастары кезеңінде жүзеге асырылады.

Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін мерзімінен бұрын себебін көрсете отырып, қайта дәрігерлік тексеруге жіберу өкілетті органның, жүргізуші жалданып жұмыс істеп жатқан жалдаушының бастамасымен болуы мүмкін- жүргізуші бойында аурулар мен жарамсыздық белгілері байқалған жағдайда немесе денсаулық сақтау мекемесімен механикалық көлік құралдарын басқаруға рұқсат беруге тыйым салатын не болмаса оны басқару құқығын шектеуді белгілеуді жүзеге асырады.

Айта кетейік, дәрігерлік тексеруден өткізу денсаулық сақтау органдарының құзыретіне кіреді.

 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz