Қазақстандағы ең белсенді депутаттың есімі жарияланды

Елімізде ең белсенді депутаттардың рейтингі жарияланды. Отандық социологтар, Мәжілісте батыл мәлімдеме жасап, Үкіметті жиі сынайтын 10 халық қалаулысының есімін атады.

 Көш басында Дариға Назарбаева тұр. Вице-спикер әсіресе, Білім министрлігін аяусыз сынап келеді. Әрі депутат халықтың мұң-мұқтажын жиі көтеретіндіктен басқа әріптестерінен оқ бойы озық шыққан. Шенеуніктердің үрейін ұшырмаса да, Көкшетаулық мүгедекті жекпе-жекке шақырумен аты шыққан Тәңірберген Бердоңғаров та күтпеген жерден белсенді топтың қатарына еніпті. Үздік үштікті ән салуды ұнататын Мұхтар Тінікеев тұйықтады. Кейінгі орындарға Мәжілістің ақсақалы Владислав Косарев тағы бір коммунист Айқын Қоңыров, Азат Перуашев, Нұртай Сәбильянов, Майра Айсина мен Мәулен Әшімбаев жайғасқан. Тізімге гейлерге ауқымды күрес жариялаған ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл да еніпті.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz