• Басты
  • Заңи жаңалықтар
  • Елбасы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған заңға қол қойды

Парижде Астана күндері өтеді

31 қазаннан 3 қарашаға дейін Франция астанасында Астананың күндері өтеді. Халықаралық көрмені алғашқылардың бірі болып өткізген мемлекет ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мен ұйымдастыру бойынша өзінің тәжірибесімен бөліспек деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің аппараты баспасөз қызметі 

Елордалық мамандардан құралған делегация Францияға жұмыс сапары барысында француз әріптестерінің тәжірибесін зерделейтін болады.
Бүгінде қос мемлекеттің арасында фармацевтика, туризм, ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастық орнатудың жаңа мүмкіндіктері туып отыр. Көптеген француз компаниялары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін дайындау және ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысуда.
Франция мамандары экологиялық таза көлік, энергия жүйесін ұйымдастыру, құрылыс және қалалық экожүйе салаларында, соның ішінде сумен қамту, қалдықтарды басқару, қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша техникалық шешімдер ұсынады.
Еске салайық, 2012 жылы Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған болатын. Содан бері ASTAINABLE сынды жобалар ұсынылып, соның аясында ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Астананы қысқа мерзімді перспективада және 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді дамыту жоспары әзірленуде. Оған Қазақстан мен Франция мамандары тартылған. Биыл елордада тараптар түрлі салалардағы қызметтерді дамытудың проблемалық мәселелерін талқылады. Астананың Париждегі күндері кейбір салалар бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді.
Айта кетейік, Франция 120 жылдан астам уақыт бұрын халықаралық көрмені екінші болып өткізген. 1928 жылы Парижде көрме қызметін реттеу үшін Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) құрылған. Көрме Франция астанасында бірнеше рет өткізілді. Қала бірегей құрылыс зертханасына айналып, техникалық ой ұшқырлығы мен көлемі жағынан қалыптасқан әлемдік практикадан көп жылға оза ілгерілеген ғимараттар мен құрылыстар салынды. Оған мысал ретінде 300-метрлік Эйфель мұнарасын алуға болады. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz