• Басты
  • Заңи жаңалықтар
  • Елбасы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған заңға қол қойды

Ғылыми конгреске қатысушылар Елбасының атына хат жолдады

«Олимпиадалық спорт және спорт баршаға» 18-халықаралық ғылыми конгресіне қатысушылар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Қазақстан Президентінің атына жолдаған хатында түрлі шетел мемлекеттерінің өкілдері болып табылатын авторлар тәуелсіздік жылдары біздің ел экономика мен спортта зор жетістіктерге жеткенін атап өткен.

«Сізді Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына қосылу жөніндегі биік мақсатының мерзімінен бұрын іске асуымен құттықтай отырып, экономикасы мен тұрмыс деңгейі ең жоғары отыз мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жаһандық бастаманың да табысты болатындығына сенім білдіреміз. Бұл жоспарлар спортта қазірдің өзінде ілгерілей орындалуда. Жалпы командалық есепте 12-орынды иеленген Қазақстан спортшыларының Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарындағы зор табыстарына бүкіл әлем қол соқты», – делінген хатта.

Конгреске қатысушылар еліміздің Алматыда 2017 жылы Универсиада өткізу үшін барлық жағдайды жасағанына да тоқталған.

«Қазақстандағы спорт пен экономика дамуының жоғары қарқыны бізге Алматының 2022 жылы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы болу құқығын иелену жолындағы күресі табысты болады деген болжам жасауға мүмкіндік береді», – деп жазады авторлар.

Соңында 18-халықаралық ғылыми конгреске қатысушылар Мемлекет басшысына табыс тілеп, ойға алған барлық жоспарларының орындалуына тілектестік білдірген.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz