ҰКП-да көрме өтеді

13 қазан, сағат 10:00-де Ұлттық кәсіпкерлер палатасында мүмкіндігі шектеулі жандардың қолымен жасалған бұйымдардың көрмесі өтеді.

Көрме жұмысына «Нұр» көз жанары нашар көретін жандарды оңалту кәсіпорындарының қауымдастығы, «Өрлеу» есту қабілеті төмен азаматтарды әлеуметтік-еңбек оңалту ұйымдарының қауымдастығы қатысады.

Көрмеде еліміздің 14 өңірі тұрғындарының қолынан шыққан дүниелер ұсынылып, «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық ұйымының төрағасы Байболат Әубәкіровтің «Эволюция ограниченных возможностей к безграничным» атты кітабының тұсаукесері өткізілмек.

Туынды авторы адамдардың өзара қарым-қатынасын сөз ете отырып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін аса қажетті медициналық, әлеуметтік бағыттағы керекті деректерді баяндаған. Кітапта мүмкіндігі шектеулі әлемге танымал болған азаматтар жайлы мағлұматтар келтірілген.

Сонымен қатар, тұсаукесер рәсімінен соң, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен қауымдастықтар арасында өзара әріптестік жөніндегі келісім құжаттарға қол қойылады.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz