Жанжалға ұласқан жарнамаға қатысты сот келесі аптада басталады

Құрманғазы мен Пушкинді сүйістірген суретке қатысты кезекті сот отырысы келесі аптада басталады, деп хабарлайды 7 арна тілшісі.

 Бұл жолы жанжалға ұласқан жарнамаға қарсылық білдіріп, Құрманғазы атындағы консерваторияның 34 студенті сотқа арыз түсірген болатын. Олар өздері оқитын оқу орнына есімі берілген ұлы композиторды қорлады деп, жарнама агенттігінен 34 миллион теңге талап етіп отыр. Бүгін осы арыз бойынша сотқа дейінгі тыңдалым болды. Онда қос тараптың қорғаушылары пікір алмасып, сотқа қажетті құжаттарды пысықтап алды. Ең қызығы, алдын-ала тыңдаудың өзі қызу пікірталасқа ұласты.

Айта өтейік, атышулы постерге байланысты Алматы қаласының әкімшілігі де агенттікті сотқа сүйреген болатын. Істі қараған судья жарнама агенттігіне 300 мың теңге айыппұл салған. Алайда басы бәлеге қалған мекеме оны төлеуден де бас тартып отыр.

Ескерту: Жарнамада көрсетілген суреттер адамгершілік қағидаларына жатпайтындықтан редакция постерді жарияламауды жөн көрді. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz