Елордада 1 732 жаңа кәсіпорын өз жұмысын бастады

Үстіміздегі жылдың шілде-қыркүйек айларында Астанада 1 732 жаңа кәсіпорын өз жұмысын бастады. Олардың басым бөлігі - 52,4% Алматы ауданында, 28,2% Сарыарқа ауданында және 19,4% Есіл ауданында орналасқан. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының статистика департаментінен хабарлады.  

Жаңа құрылған заңды тұлғалардың 1701-і шағын, 30-ы орта, 1 - ірі кәсіпорын ретінде тіркелген.

Жаңа кәсіпорындардың көпшілігі құрылыс (31%) және сауда (20%) салаларында шоғырланған. Ал ауыл шаруашылығы, өнер, ойын-сауық және демалыс қызметтерін ұсынатын кәсіпорындар аз (1%). Нарықтың қалған бөлігін өнеркәсіп, қызмет салалары, ақпарат және байланыс, сондай-ақ, ғылыми қызмет құрайды.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,2% артық.

Қазіргі кезде Астанада ашылған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны артып келеді. Шілде айының басында олардың саны 51 076 құрады. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz