Қазақстанда 12 сайт қарақшылық бағдарламаларды қамтамасыз етеді

Елімізде қарақшылық бағдарламалармен айналысатын 12 сайт анықталған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде Қазақстан Республикасы әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 «Бүгінде интернет желісіндегі қарақшылыққа қарсы күрес жөніндегі қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша нақты нәтижелер бар. Уәкілетті орган ұлттық сегментте қарақшылық бағдарламаларды қамтамасыз ететін 12 сайтты анықтады», - деді Э.Әзімова. 
Министрдің орынбасарының айтуынша қарақашылық бағдарламаларды қамтамасыз ететін сайт иелері мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан берілген ескертулерге назар аудармаған. 
«Осы интернет ресурастарының иелеріне KZ-CERT қызмет желісі бойынша хабарлама жіберілді. Алайда, сайттардың иелері күні бүгінге дейін тиісті шаралар қабылдаған жоқ», - деді ол.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz