2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Алматыда өтуі мүмкін

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігіне ие болу үшін енді екі-ақ қала өзара таласатын болады. Олардың бірі Алматы болса, екіншісі – Бейжің. 

Бұлармен бәсекелес болған Норвегия науқанға қатысудан бас тартты. Өйткені, кеше елдің үкіметі Ослоға қаржылық кепілдік бермейтінін мәлімдеген болатын. Норвегияның Консервативтік партиясы Ослоға қосымша қаражат бөлуге қарсы дауыс беріп, үкімет амалсыз осындай шараға барып отыр.
Айта кетейік, шілде айында Халықаралық олимпиада комитеті 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер ретінде үш қаланы бекіткен болатын. Олар: Алматы, Пекин және Осло. Бұған дейін үміткер болып келген Стокгольм (Швеция), Краков (Польша) және Львов (Украина) қалалары да өз еркімен науқанға қатысудан бас тартып отыр. Ал, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы келер жылдың жазында Малайзияда белгілі болады. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz