Елімізде алғаш рет «Еңбек күні» мерекесі аталып өтеді

Қазақстанда алғашқы рет қыркүйек айының ең соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі аталып өтетін болады.

Еңбек күнінің мақсаты мен өткізілетін шаралар жайында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов толық баяндады.

- 2013 жылдың 22 қаршасында Мемлекет басшысының қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі аталып өтетін «Еңбек күні» мерекесі еңгізілген болатын. 
Аталған мерекенің басты мақсаты жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту болып табылады. Іс–шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Кәсіподақ Федерациясы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп аталмыш мерекенің жоспарын жасаған болатын. Алғаш рет атап өткізілгелі жатқан «Еңбек күні» мерекесі күні әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттыратын спорттық, шығармашылық байқаулар және еңбек адамдарына құрмет көрсетіп, «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау көзделіп отыр, - деді.

Сонымен қатар мереке қарсаңында 26 қыркүйекте Астанада Қазақстанның Ұлттық музейінде «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру» республикалық форум өтетіндігін айтқан Дәулет Рашидұлы: «Форумға еліміздің барлық аймағынан 226 делегат қатысады. Форум барысында Қазақстанның экономикасының дамуына және нығайтуына қосқан өзінің елеулі үлестері үшін: тау-кен кешені, темір жол транспорты; көмір өнеркәсібі; мұнай кешені; машина жасау; білім беру; денсаулық сақтау; химиялық кешені; ауыл шаруашылық; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс; электроэнергетика; банк мекемелері; және де мемлекеттік басқару, қоғамдық қызмет салаларындағы жұмысшыларға құрмет көрсетілетін болады.Түрлі саладағы үздік мамандар «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады, бұл ведомстволық марапаттаулар экономиканың әр түрлі саласында жұмыс жасайтын және зейнеткерлік жасына жеткен, жалпы еңбек өтілі бар жұмысшыларды марапаттау болып табылады. Аталған іс-шараға 14 облыстардың, Астана және Алматы қалалары өкілдері, кәсіподақ қозғалысының көшбасшылары, бизнес бірлестіктерінің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады» деп атап өтті.

Айнұр РАКИШЕВА


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz