Еgov-тағы электрондық несие есептер қағаз баламадан 3 есе танымал

Қазақстандықтар дербес несие есептерін электрондық үкімет порталында алуды қалайды. Ағымдағы жылдың 8 айы бойынша egov арқылы онлайн режимде 20 мыңнан астам несие есебі алынды. Алғашқы несиелік бюросында қағаз есептері үш есеге дейін төмен алынған.

«Халық несие тарихының банк әлемінде өзінше бір бедел болып қалыптасқанына көзін жеткізді. Бұл ақпаратты мұқият тексеру қажет, себебі қарызгер өзінің несие тарихында өзі алмаған, яғни «алаяқтық несие» деп аталатын қарызды тапқан жағдайлары сирек емес» - деп мәлімдеді «Алғашқы несиелік бюросы» ЖШС субъектілермен жұмыс бойынша департаментінің директоры Ольга Шахова. Оның сөзінше, несиелеудің өсуімен қатар, алаяқтар басқа біреудің құжаттарын қолданып солардың атына қарыз алуға жиі тырысады. «Сәйкесінше, мұндай шарттар бойынша төлемдер төленбейді, нәтижесінде атына несие ресімделген қарызгердің дербес несие тарихы бұзылады. Қастық ойлаушылардың құрбаны болмай, қатеден аулақ жүру үшін азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы несие тарихын тексеріп отыруы мүмкін» деп толықтырды Ольга Шахова.

Жалпы қызметті іске қосқан кезден бастап 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін электрондық үкімет порталы арқылы берілген дербес несие есептерінің саны 30 мыңнан асты. Электрондық түрде алудың танымалдылығы оның қарапайымдылығы мен жайлылығымен түсіндіріледі: қызметті пайдалану үшін интернетке қолжетімділік пен электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Бұдан басқа, қызмет тәулік бойы жұмасына жеті күн қолжетімді. Азамат несие есебін жылына 1 рет тегін алуға құқылы.
«Сонымен қатар, еgov арқылы несие есебін алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде несие тарихындағы ақпаратты даулауға болады. Бұл үшін авторлану, өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен растау қажет. Несие бюросы берілген ақпараттың растығын тиісті қаржы ұйымында анықтайды», - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының е-қызметтерді дамыту жөніндегі орынбасары Талғат Исмағамбетов хабарлады.
Естеріңізге сала кетсек, дербес несие есебін алу электрондық қызметін электрондық үкімет порталында «Салық және қаржы» - «Экономика және қаржы» тарауында табуға болады. Пайдаланушылар барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады, қоңырау барлық Қазақстан бойынша тегін.  


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz