Ресей және Қазақстан Балқашта полигонды бірлесіп пайдаланады - Шойгу

Ресей және Қазақстан Балқашта полигонды бірлесіп пайдаланады - Шойгу

АСТАНА, 31 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА.Қорғаныс министрi Әдiлбек Жақсыбеков пен РФ Қорғаныс министрi Сергей Шойгу кездесуінде Балқаш полигонын бiрлесiп қолдану және дамыту мәселелерiн талқылады.

"Бүгiн бiрқатар өзектi мәселелер бойынша нәтижелi талқылаулар болды. Оның iшiнде ең негiзгiлерi - Балқаш кешенiнің қолданылуы мен оның ары қарай жетiлдiрілуi, әуе шабуылына қарсы бiрыңғай қорғаныс жүйесiн құру, үшiншiден, полигондардың ары қарайғы қолданылуына қатысты барлық сұрақтар, сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағындағы полигондарды бiрлесiп қолдану мәселелерi қаралды", - дедi С.Шойгу тiлшiлерге берген сұхбатында. 
Оның айтуынша, биыл Қазақстанға әуе қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында С-300 кешендерi жеткiзiлмек. "Ол әуе қорғанысын қамтамасыз етуге толықтай қауқарлы көлемде жеткiзiледi. Сонымен қатар Балқаш полигонын бiрлесiп қолдану бойынша даму бағдарламасы келiсiлдi. Биылдан қалдырмай оған қажеттi мамандар тартылады. Ең бастысы ол жерге қосымша әскери техниканы жеткiзу болып отыр", - дедi ол.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz