Қорғаныс министрлігі үстіне бетон құлаған қыздың барлық емделу шығынын мойнына алды

Қорғаныс министрлігі үстіне бетон құлаған қыздың барлық емделу шығынын мойнына алды

Талдықорған қаласындағы әскери госпиталь бетон қоршауының құлауы салдарынан зардап шеккен 15 жасар Мәдина Маратқызына материалдық көмек ретінде ҚР Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері өздерінің біркүндік еңбекақыларын аударатын шот ашты.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі сауыққаннан кейін алыс немесе жақын шетелде толыққанды аяқ протезін жасатуға кепілдік береді. Жарақат алған уақыттан бері зардап шекен қыз баланы емдеуге әскери медицина қызметкерлері белсенді атсалысып келеді: жетіспеген медикаменттер жеткізілді, әскери госпитальден зардап шегушінің жанында анестезиология және реанимация бөлімшесінің бастығы медицина қызметінің капитаны О.Тынышбаев тәулік бойы болды. Сонымен қатар, емдеуге Астана қаласының № 1 қалалық клиникалық ауруханасы политравма бөлімшесінің жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Р.Бютаев, Сызғанов атындағы микрохирургия ғылыми-зерттеу институынан консультанттар тартылды 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz