«Қазпошта» қызметкерлері жетім балаларды тонап келген

«Қазпошта» қызметкерлері жетім балаларды тонап келген

Оралда жетім және мүгедек балалардың есепшотынан 22 млн теңгеге жуық ақшаны жымқырған «Қазпоштаның»9 қызметкері сотталды деп жазады 24kz.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, материалдық жауапты тұлға болған «Қазпоштаның» 9 қызметкері, өздерінің «Колвир» жүйесіндегі логині арқылы, жалған құжат жасап, жетімдер мен мүгедек балалардың ақшасын ұрлаған. «Соның салдарынан «Қазпошта» АҚ-ға 21 780 234 теңге залал келді», - делінген хабарламада.

Нәтижесінде «Қазпошта» АҚ филиалының операциялық бөлім бастығы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейді. Тағы бір қызметкер 5 жылға сотталып, дүние-мүлкі тәркіленетін болды. «Одан өзге 3 қызметкерге қатысты шартты мерзім кесілді. Сонымен қатар,2 қызметкердің 1 жыл мерзімге бостандығы шектелді. Қалған 2 қызметкерге қатысты шығарылған үкімнің орындалуы кейінге қалдырылды. Оларға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді», - делінген хабарламада. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz