Орыс жастары қазақ тілінен байқауға түспек

Орыс жастары қазақ тілінен байқауға түспек

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 5-желтоқсан күні Алматы қаласында «Тіл – парасат» атты орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің республикалық байқауын өткізеді.

 Аталған шараға еліміздің әрбір өңірінде іріктеу сынынан өткен қазақ тілін еркін меңгерген орыс жастарының өкілдері қатысады. Олар республикалық байқаудың жүлделі орнына бақ сынасатын ЖОО студенттері, колледж және мектеп оқушылары – облыстық және қалалық турларының жеңімпаздары.

Қатысушылар бірнеше номинациялар үшін бақтарын сынап, өнерлерін ортаға салады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтар және дипломдармен марапатталып, ал қатысушылардың мұғалімдеріне сертификаттар беріледі.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz