Жастар саясатының тиімділігін бағалауға қатысты семинар өтті

Жастар саясатының тиімділігін бағалауға қатысты семинар өтті

Астанада мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар өкілдеріне арналған «Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін бағалау» атты оқыту семинар-тренингі өтті.

Семинар-тренингті «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-нің тапсырысы бойынша «Ұлағат» мәдениет және даму қоры ұйымдастырды. Басты мақсаты: жастарға қатысты мемлекеттің бағдарламалары мен статегиялық мақсаттарды пысықтау, тәжірибелік мәселелерді талқылау.

Семинарға қатысушыларға ҚР Білім және ғылым Министрлігінен, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясынан ғалымдар мен білікті мамандар, сондай-ақ, психолог, заңгерлер дәріс оқыды. 
Семинар-тренингте 2014 жылғы 11 қарашадағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауын насихаттау шеңберінде жастар белсенділігін арттырудың жолдары мен бағыттарын талқылау мәселелері қаралды. Сонымен қатар, семинарға қатысушы жастар арасында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жастар санасында орнығуы мен іс-әрекеттің бағдары мен бағыты болып қалыптасуының өзекті тұстары жайлы пікір алмасу өтті. 
Бәсекеге қабілетті жаңа Қазақстанның қалыптасуын жалғастырушы буын - бүгінгі жастардың мемлекеттік стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалары аясындағы іс-әрекеттердегі белсенділігіне аса зор мән берілген семинар-тренинг барысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігін талдау жүргізілді. Жастардың білсенділігін арттыру, олардың көшбасшылық қасиеттерін ұштауға бағытталған тәжірибелік сабақтар, машықтар, қызу пікірталастар өтті. Семинар тыңдаушылары тарапынан қызықты ұсыныстар болды. Жалпы саны 80 адамды құрайтын тыңдаушылар қатарында жас мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік мекемелердегі жастар және оқу орындарының жастар көшбасашылары болды. 
Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz