• Басты
  • Заңи жаңалықтар
  • Елбасы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған заңға қол қойды
«Қазақстан аруы -2014» атағын алматылық Регина Вандышева жеңіп алды

«Қазақстан аруы -2014» атағын алматылық Регина Вандышева жеңіп алды

Бүгін Алматыда «Қазақстан аруы-2014» байқауының қорытындысы белгілі болды. Сұлулық сайысында алматылық Регина Вандышева бірінші орынды иеленді деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Байқаудын финалдық сайысы бүгін Республика сарайында өтті. Биылғы байқаудың негізгі ерекшелігі ең сұлу қызды таңдау халықтың төрелігінің еншісіне қалдырылған болатын.

22 жасар Алматылық ару халықтық дауыс беруде 33 қыздың ішінен басым дауыс жинады. Ол сондай-ақ тәжден бөлек 1 млн. теңгені қанжығасына байлады.

Жеңіл атлетикадан спорт шебері Регина Қазақстанның атынан Әлем аруы байқауында бақ сынайтын болады. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz