• Басты
  • Заңи жаңалықтар
  • Елбасы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған заңға қол қойды
Байқоңырдан «Союз ТМА-15М» кемесі ұшырылды

Байқоңырдан «Союз ТМА-15М» кемесі ұшырылды

Астана уақыты бойынша 03 сағат 01 минут 14 секундта Байқоңырдан «Союз ТМА-15М» кемесі ұшырылды.

 Халықаралық ғарыс станциясына «Союз ТМА-15М» (Роскосмос) БҒК командирі Антон Шкаплеров, «Союз ТМА-15М» (ЕКА) 1-бортинженері Саманта Кристофоретти және «Союз ТМА-15М» (ЕКА) 2-бортинженері (НАСА) Терри Вёртс аттанды.

Қазкосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, зымыран-тасығыштың ажырайтын бөліктері Қарағанды облысы мен Шығыс Қазақстан облысының алдын ала белгіленген аудандарына, сондай-ақ Ресейдің Алтай аймағына құлаған. Ұшуды басқару орталығының мамандарының айтуына қарағанда, экипаж өздерін жақсы сезінуде. «Союз ТМА-15М» кемесінің Халықаралық ғарыш стансасымен түйісуі ұшырылғаннан кейін алты сағаттан соң, Астана уақыты бойынша 08 сағат 50 минут шамасында болады деп жоспарланған.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz