Заң органдарын жаңа модельге көшіру жайында дөңгелек үстел өтті

Заң органдарын жаңа модельге көшіру жайында дөңгелек үстел өтті

Бас прокуратура Жоғарғы Сотпен бірлесіп Алматыда «Қылмыстық және әкімшілік сот төрелігін жаңа модельге көшіру бойынша мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы кеңес» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізді.

Оған Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығы, «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры дөңгелек үстелдің бірлескен ұйымдастырушылар ретінде қатысты, сондай-ақ Астанадағы Ұлыбритания Елшілігі осы іс-шараға қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Дөңгелек үстелге Парламент Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңестің, және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстанның ғылыми қауымдастығының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел Мемлекет басшысының қылмыстық және әкімшілік сот төрелігі саласындағы жаңа кодекстерді қолдануға мемлекеттік органдардың сапалы әзірленуі мен сол кодекстер бойынша кеңейтілген құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырмасы аясында өткізілді. Жиналысқа қатысушылар барлық құқықтық жүйенің жаңартылған нормативтік база шеңберінде жұмыс істеуге бейімделудің өзекті мәселелерін, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерінің ғылыми-практикалық қырларын талқылады. Өткізілген кеңестің қорытындысымен жаңа кодекстердің ережелері бойынша құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыруды көздейтін ғылыми негізделген түсіндірулер, сондай-ақ мемлекеттің құқықтық саясатын дамытудың одан әрі бағыттары жөніндегі ұсынымдар пысықталды.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz