Астаналық құтқарушылар мұзбен жүрмеуге шақырады

Астаналық құтқарушылар мұзбен жүрмеуге шақырады

Астанада ауа температурасының төмендеуінен су қоймаларында қалыңдығы 7-12 см мұз қатқан. Осындай мұз қату кезеңінде бірқатар қайғылы жайттар орын алып жатады. Мұның басты себебі су айдындарындағы абайсыздық салдары. Мұздың толығымен қатуына кем дегенде екі апта уақыт керек.

Астана қаласы ТЖД-нің Суда құтқару қызметі ескертеді:

  • - Дұрыс қатпаған жұқа мұзға шығуға болмайды.
  • - Жарылған мұзға, шұқанаққа, ойықтарға жақындауға болмайды.
  • - Күзгі мұздың үстінде топпен жиналу қауіпті.
  • - Көлік құралдарымен судың бетіне шығу қауіпті.
  • - Қараңғы түскен кезде, айнала дұрыс көрінбеген жағдайда мұзға шығу қауіпті.

Есте сақтаңыздар, мұз қату кезеңінде қайғылы жайттарға көбінесе балалар тап болады. Балалардың өз бетінше өзенге баруларына жол бермеңіздер! 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz