ЮНЕСКО Қазақстан мен Қырғызстанның «Киіз үй жасау» және «Айтыс» аталымын қарастырады

ЮНЕСКО Қазақстан мен Қырғызстанның «Киіз үй жасау» және «Айтыс» аталымын қарастырады

24-28 қарашада Париждегі ЮНЕСКО комиссиясының отырысында Қырғызстан мен Қазақстанның «Киіз үй жасау» және «Айтыс» бірлескен аталымын қарастыру көзделіп отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізу үшін Қырғызстан мен Қазақстанның бірқатар бірлескен аталымдары қарастырылады.

Мәдени және табиғи нысандарды ЮНЕСКО тізіміне қосу ел беделін өсіріп, мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттауға ықпал етеді.

Сондай-ақ, ЮНЕСКО 2015 жылы Қырғызстанда «Көк бөрі», Қазақстанда «Көкпар» деп аталатын ұлттық ат ойынының бірлескен аталымын қарастырады. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz