Қазақстанда 2015 жылдан бастап халықаралық қоңырау шалу құны төмендейді

Қазақстанда 2015 жылдан бастап халықаралық қоңырау шалу құны төмендейді

Шектеусіз ұялы байланыс. Келесі жылдан бастап елімізде халықаралық қоңырау шалу құны төмендейді. Сондай-ақ, Кедендік одақ аясында роумингті жою мәселесі қарастырылады. Бірақ мұны операторлар өзара шешпек. Қазіргі таңда тиісті келіссөздер жүргізілуде.  

Кедендік одақ ішінде роумингтің жойылғанын Ресей тарапы қолдап отыр. Ал оны жүзеге асыру үшін әлі кемінде 4 жыл қажет. Қазіргі таңда арнайы комиссия ұялы байланыс нарығына зерттеу жүргізуде. Нәтижесінде Қазақстан, Ресей және Белорусь заңнамаларына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Алайда одаққа мүше мемлекеттер ішінде халықаралық қоңырау құнын төмендету жайы келісім келер жылы іске асырылмақ.

«Бұл жағдайда операторларда қауіп болуы мүмкін. Қазақстанда ұялы байланыс саласы Ресейге қарағанда тұрақты дамуда. Дегенімен бізде абоненттер саны олармен салыстырғанда аз», - деді Кедендік брокерлер қауымдастығының төрағасы Геннадий ШЕСТАКОВ.

Ұялы байланыс саласындағы өзгерістер мұнымен шектелмейді. Енді 1 желтоқсаннан бастап тіркелмеген абонент нөмірлері істен шығады. Осыған байланысты отандық операторлар заңдастырылмаған SIM-карта иелерін қараша айының аяғына дейін нөмірлерін өз атына аударуды сұрап отыр. Бұл жаңашылдық телефон алаяқтарының санын кеміту мақсатында жасалуда.

«Біз өз абоненттерімізді 1 қарашадан бастап, түрлі әдістер арқылы нөмірлерді тіркеу туралы құлағдар етудеміз. Бүгінде тіркелушілер саны күн санап артуда. Аталған рәсім 15 минут уақытта ғана алады. Сондықтан тұтынушыларға уақыт тауып арнайы орталықтарға келуін сұраймыз», - деді «Kcell » АҚ бұқаралық нарықты жетілдіру бойынша директоры Хикматулла НАСРИТДИНХОДЖАЕВ.

Қазір ел азаматтары 25 миллионнан аса нөмірді қолднанады екен. Сарапшылардың пікірінше, абоненттердің 3 пайызы тіркелмеген нөмірді пайдаланса, сондай-ақ SIM-карта иелерінің басым бөлігі өз нөмірлерін басқа адамдарға рәсімдейтін көрінеді. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz