1,5 мың сарбаз ант қабылдады

1,5 мың сарбаз ант қабылдады

Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінің «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары мен Аэроұтқыр әскерлерінде әскер қатарына жаңадан қосылған сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсімі өтті деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Осы күзде еліміздің барлық өңірлерінен әскери қызметке шақырылған жас буын Отан мен әскери борышқа адал болуға ант берді. 
Жас сарбаздарды осынау салтанатты оқиғамен олардың командирлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оқшау соғыстарға қатысушылар, жергілікті атқарушы билік өкілдері, ата-аналары мен шақырылған қонақтар құттықтады.
Қазіргі уақытта жас әскери қызметшілер әскери ғылымды меңгеру жолында жауынгерлік оқуға араласып, өз бөлімшелерінің құрамында жалпы әскери даярлықтан өтуде.
Әскери ант – әскери өмірдің негізгі және мызғымас заңы.
Ол мемлекеттік және құқықтық құжат күшіне ие әрі жауынгердің Отан алдындағы борышын орындау жөніндегі салтанатты анты болып табылады.
Ант қабылдау сәті әрбір әскери қызметшінің есінде өмір бойы сақталатыны анық. Әскери борышын атқару барысында ол азаматтық сыннан және ер жету кезеңінен өтеді. 


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz