КІІД -не келіп түскен шағымдардың 811-і оңтайлы шешімін тапты

КІІД -не келіп түскен шағымдардың 811-і оңтайлы шешімін тапты

Көлік полицейлері жыл басынан бері азаматтардан келіп түскен өтініштердің 800-ден астамын оңтайлы шешті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазіргі уақытта көлік полицейлері қызметінің басым бағыттарының бірі дер кезінде қылмысты тіркеп, есепке алу, оларды қарау барысында заңдылықтардың сақталуын қадағалау және азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

Департаменттің құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы полиция подполковнигі Гүльсара Бексұлтанова:
- Азаматтардың сенім деңгейі–біздің жұмысымыздың маңызды көрсеткіштерінің бірі. Кез-келген ішкі істер органының қызметкері келіп түскен шағым, өтініш, хабарламаларға уақытында ден қойып, жауап қайтарулары тиіс, - дейді.


Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бері ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментіне барлығы 2677 өтініш келіп түскен, оның 1613-і жеке тұлғалардан.


2014 жылдың 10 айында КІІД мен оның құрылымдық бөліністерінде әртүрлі мәселелер бойынша 1823 азамат қабылданып, оның 811-і оңтайлы шешімін тапты, сондай-ақ, 850-не түсініктеме берілді. Келіп түскен өтініштер негізінен тергеу, әкімшілік және көші-қон полицияларының жұмыстарына қатысты болды.


Азаматтардың ішкі істер органдарының қызметіне сенімдерін нығайту мақсатында Департаменттің қызмет басшылары мен оның құрылымдық бөліністерінде қоғамдық қабылдау өткізу үрдіске айналған. Ай сайын ашық есік күндері, дөңгелек үстелдер, темір жол маңына жақын орналасқан елді-мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізіледі. Сонымен қатар жолаушылар поезында кездесулер өткізу тәжірибеге айналған. Ондай басқосуларда жолаушылар мен жолаушылар поезының жолсеріктеріне темір жол көлігінде жүріп-тұру ережелері түсіндіріледі.


Жыл басынан бері Көліктегі ішкі істер департаменті мен оның құрылымдық бөліністері «Нұр-Отан» партиясының өкілдерімен бірлесіп 33 кездесу өткізді.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz