Ағылшын тобы Аралға арналған клип түсірді (ВИДЕО)

Ағылшын тобы Аралға арналған клип түсірді (ВИДЕО)

Ұлыбританияның әйгілі рок-тобы – «Pink Floyd» бүгінгі таңда жер-жаһан жұртының жанына батқан проблема Арал теңзінің тағдырына байланысты клип шығарды. Ол "Аралды қайта қалпына келтірейік" осындай ұранмен айтылады.

Әйгілі топ ашық үндеуге негізделген клипті де көпшілік назарына ұсынып үлгерді. Бұл туынды «YouTube» желісінде елдің назарына ұсынылды. Қысқа ғана уақыттың ішінде роликті 530 мыңнан астам адам көріп үлгерген екен. Ән «Louder than Words», яғни «Сөзден де қымбат» деген атауға ие болған. «Pink Floyd»-тың 4 мүшесінен өзге клипте Арал өңірінің тұрғындары мен теңіздің бүгінгі тіршілігі көрсетіледі. Клипте ол тартылып, әбден тозығы жеткен.

Топ жетекшісі Дэвид Гилморды Арал тақырыбы ерекше толлғандырды. Оның тағдыры жүрегін ауыртты. Осыған абйланысты олар әлем экологтарына үндеу сипатты клип түсіруді шешім қабылдаған. «Pink Floyd» тобының қырық жылдық тарихы бар.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz