• Ерімбет Ерболат Мылтықбайұлы

    Сайт идеясының авторы

    Қостанай облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары.
    Ерболат Мылтықбайұлы, 1980 жылдың 12 маусым күні Шымкент облысы, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Үйленген, үш баланың әкесі.

  • Ерімбет Ерболат Мылтықбайұлы

    Сайт идеясының авторы

    Қостанай облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары.
    Ерболат Мылтықбайұлы, 1980 жылдың 12 маусым күні Шымкент облысы, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Үйленген, үш баланың әкесі.

    • 1999-2001 жылдар аралығында Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясында жоғары заңи білім алған.
    • 2001 жылы Заң Академиясын тамамдап, Батыс Қазақстан облысы Орал көлік прокуроры көмекшісі қызметіне тағайындалған. 2003 жылы қаңтардан 2004 жыл сәуір айына дейін Талдықорған көлік прокуроры көмекшісі лауазымында қызмет атқарған.
    • 2004 жылдың сәуірінен 2005 жылдың қаңтарына дейін Оңтүстік Шығыс аймақтық көлік прокуратурасында бөлім прокуроры болып істеген. Осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Алматы әуе көлік прокурорының көмекшісі болып қызмет жасап, 2005 жылы қазан айында Алматы қаласы прокуратурасына ауысқан.
    • 2007 жыл қараша айынан 2009 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында қызмет атқарған.
    • 2009 жылы сәуірден бастап, «КазТрансОйл-Сервис» Акционерлік қоғамының Заң департаментінің директоры қызметінде болған.
    • 2009 жылдың желтоқсан айынан 2010 жылдың маусымына дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Талдау және құқықтық насихат департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.
    • 2010 жылдың маусымынан Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары қызметінде болған.
    • 2011 жылдың қыркүйегінен Қостанай облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарып жүр.
  • Жампеисов Думан Әбілтайұлы

    Сайт жетекшісі

    Жампеисов Думан Әбілтайұлы 1982 жылы 27 тамызда бұрынғы Семей облысы Шар қаласында дүниеге келді.
    Қазақ инновациялық гуманитарлық‑заң университетінің бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлерінің түлегі. Құқықтану мамандығы бойынша PhD докторы.

  • Жампеисов Думан Әбілтайұлы

    Сайт жетекшісі

    Жампеисов Думан Әбілтайұлы 1982 жылы 27 тамызда бұрынғы Семей облысы Шар қаласында дүниеге келді.

    Қазақ инновациялық гуманитарлық‑заң университетінің бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлерінің түлегі. Құқықтану мамандығы бойынша PhD докторы.

    Бірқатар мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарында еңбек өтілі бар. Айталық, Қазақстан Жас заңгерлер қауымдастығы және Семейлік жас ғалымдар қауымдастығын басқарды, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының «Әлеуметтік және экономикалық қызметтерге қол жеткізуді жақсарту» жобасына жетекшілік етті, Семей қаласының әкімдігінде кәсіби заңгер жұмысын атқарды.

    Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі оқу орындарына ұсынған «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» оқулығының авторы. Заң ғылымдары бойынша 50 астам ғылыми мақалалары жарық көрген. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде көптеген мәселелер бойынша заңдар мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынды.

    ҚР білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнаманы талдау бойынша қоғамдық сарапшы қызметін атқарып, сараптаманың нәтижелерін ҚР Парламенті депутаттарының қатысуымен болған «НұрОтан» ХДП  «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған дөңгелек үстелде жария етті.

    «НұрОтан» ХДП  Парламентаризм институты және БҰҰ Даму Бағдарламасының жәрдемдесуімен өткен ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «НұрОтан» ХДП Фракциясы Әлеуметтік Кеңесінің «Оралмандарға мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттің әлеуметтік саясаты» тақырыбындағы отырысында сарапшы ретінде баяндама жасады.

    Ресейлік‑еуропалық ғалымдармен құрылған Көші‑қон саясаты институтының сайтында (www.rusmpi.org) сарапшы ретінде жұмыс атқару, Қазақстандағы қазақ тіліндегі алғашқы құқықтық сайттардың бірін дамытуда (www.adildik.kz).

    ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д.Назарбаева, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты М.Бегентаев, ҚР білім және ғылым министрлігінің вице‑министрі Т. Балықбаев, Жастар ісі жөніндегі Комитеті Төрағасының орынбасары Е.Үйсімбаев берген алғыс хаттарымен марапатталған.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын белсенді жүзеге асырғаны үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Семей қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

    2014 жылы Америка Құрама Штаттарындағы Джордж Вашингтон Университетінде ғылыми тағылымдама өтуге арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

    Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға құқықтық кеңес беру жұмысының тағы бір бағыты болып табылады. 

  • Подварский Сергей Александрович

    Сайт әкімшісі

    А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің түлегі,ВЕБ программист,IT "Бизнес Центр"ЖШС (қазіргі таңдағы "Первый Бит")қызмет еткен.Қазіргі уақытта "Облачные решения" ЖШС қызметкері(программист),сонымен қатар Жеке Кәсіпкер.Қызметі:сайттарды жасау мен қолдау.

  • Подварский Сергей Александрович

    Сайт әкімшісі

    А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің түлегі, ВЕБ программист, IT "Бизнес Центр"ЖШС (қазіргі таңдағы "Первый Бит") қызмет еткен. Қазіргі уақытта "Облачные решения" ЖШС қызметкері(программист), сонымен қатар Жеке Кәсіпкер. Қызметі:сайттарды жасау мен қолдау.

  • Шакибаева Айгүл Ғабитқызының

    Сайт заңгері

    Қоғамдық қызметі: халықтың қауқарсыз тобын әлеуметтік қорғаумен байланысты. Қостанай қ. «Радуга» Мүгедек-балалар аналарының қоғамдық бірлестігі президентінің орынбасары болып табылады. ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті Бюросының жанындағы Қостанай облысы бойынша ҰЕМ (Азаптау және адамның жүгіну қадір-қасиетін қорлауға қарсы ұлттық ескерту механизмі) қатысушысы.

  • Шакибаева Айгүл Ғабитқызының

    Сайт заңгері
    • 1983 жылдың 13 шілдесінде Қостанай қ. туылған.
    • 2005 ж. Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институты, тарих факультетін тамамдаған.
    • 2008 жылы Қостанай Мемлекеттік университеті, заң факультетін тамамдаған.

    Кәсіби қызметі:

    • 2013ж. – қазіргі таңда: Қостанай қ. «Заңгер көмегі» заң фирмасының директоры.
    • 2012-2013жж. Азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі адвокат көмекшісі.
    • 2006-2012жж. Қостанай қ. №11 орта мектепте тарих және құқық пәні мұғалімі
    • 2005-2006жж. Қостанай қ. Солтүстік ІІБ бөлімінің талдаушы кезекшісі.

    Қоғамдық қызметі: халықтың қауқарсыз тобын әлеуметтік қорғаумен байланысты. Қостанай қ. «Радуга» Мүгедек-балалар аналарының қоғамдық бірлестігі президентінің орынбасары болып табылады. ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті Бюросының жанындағы Қостанай облысы бойынша ҰЕМ (Азаптау және адамның жүгіну қадір-қасиетін қорлауға қарсы ұлттық ескерту механизмі) қатысушысы.

    Адам құқықтары, адам құқықтарының халықаралық стандарттары бойынша мемлекеттің халықаралық міндеттері жөніндегі көптеген тренинг-семинарлар қатысушысы, азаптаудың құрбандарын қорғауға тартылған заңгерлерге арналған 3 деңгейлі білім бағдарламасының қатысушысы.

    «Мүгедек-балалар ата-аналарының құқықтары» заң құжаттар жинағының авторы.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz