• Басты
  • Мемлекеттік қызметтер
  • «Электрондық үкімет» – мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе. «Электрондық үкімет» порталы – мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қалыптастыратын ресурс. eGov.kz – мейлінше аз ұсынылатын құжаттар саны, аз уақыт жұмсау және бюрократиялық кедергілердің және кезектің болмауы. 

    www.egov.kz веб-порталы арқылы Сіз тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез келген нүктесінен өтініш беруге, анықтама алуға, салық немесе айыппұл төлеуге әрі қандай да бір қызметті қалай алуға болатыны туралы біле аласыз.

    Бүгінгі күні «электрондық үкімет» порталын пайдаланушылар үшін 126 интерактивті және транзакциялық қызмет ұсынылады. Олардың қатарына 84 мемлекеттік қызмет пен сервис, мемлекеттік алымдардың 21 түрін, мемлекеттік баждың 16 түрін төлеу, 4 салық төлемінің түрін, сондай-ақ Жол қозғалысы ережелерін бұзу үшін айыппұл төлеу жатады. 

    Портал көмегі арқылы мемлекеттік органдарға жүгінуіне байланысты күнделікті мыңдаған мәселелерді шешуге болады: мекенжайлық анықтама,зейнетақы аударымдары туралы жазба алукоммуналдық қызметтерді төлеу, баланы бала-бақшаға кезекке қоюдәрігер қабылдауына жазылу,некені тіркеуге өтініш беру немесе «Бала туу» композиттік қызметін пайдалануға болады.

    Портал қызметтеріне қолжетімділік алу үшін жеңіл болып келетін тіркеу процесінен өту қажет: пайдаланушы келісімін қабылдау, жеке сәйкестендіруші нөмір (ЖСН) енгізу және пароль ойлап табу қажет. Сондай-ақ белгілі бір қызмет тізімін алу үшін пайдаланушыда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) талап етіледі, ол дәстүрлі қолтаңбаның аналогы болып табылады. 

    Өту www.egov.kz
  • Сот актілер Банкі - сот отырыстарын, олардың нәтижесінде шыққан мәліметтерді, шешімдерді жария ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың сайтында құрылған жүйе. Мұны құру 2007 жылдан басталған. Келе-келе 600 мыңнан астам күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін біріктірді. Оның қайнар көзі - Қазақстан сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі.  

    Жоғарғы Соттың Call-орталығына 1401 қысқа нөміріне хабарласу арқылы қосымша ақпарат алуға болады (қалалық телефон арқылы қоңырау шалу тегін).

    Өту Соттық актілер банкі
  • Бұл жүйе де сот актілерін барынша тез әрі кең көруге мүмкіндік жасайтын электрондық құрал. Басында, яғни 2010 жылдан Жоғарғы Сот және облыстық соттар сайтында құрыла бастаған болатын.

    Осы сервисте сот актісін көру үшін іс қай сотпен қаралғанын, есептік жылды, тараптар, сотталушының, құқық бұзушының мәліметтерін білу қажет. Керек ақпараттар  Қазақстан Республикасы  сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінен автоматты түрде алынады. Бұл өз кезегінде оның өзектілігін білдіреді.

    Алайда, бұл жүйеге жабық отырыстарда (мысалы, асырап алу, мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік құпиясын ашатын) қаралған, Қылмыстық кодексте жауапкершілігі өлім жазасы немесе өмір бақи бостандығынан айыру көзделген істер бойынша сот актілері шығарылмайды.

    Жоғарғы Соттың Call-орталығына 1401 қысқа нөміріне хабарласу арқылы қосымша ақпарат алуға болады (қалалық телефон арқылы қоңырау шалу тегін).

    Өту Сот істерінің анықтамалығы
  • Өту Заңды тұлғалардың дерекқоры
  • «Сот кабинеті» - Жоғарғы Соттың ресми сайтында іске қосылған сот органдарының сервисіне электронды түрде қолжетімді біртұтас терезе. Сот өндірісінің қызметін жеңілдетуге, сондай-ақ азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюджет қаражатын үнемдеуге, сонымен қатар, сот жүйесінің жеделдігін, азаматтардың сот ақпаратына қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

    «Сот кабинеті» арқылы келесі әрекеттерді жүзеге асыруға болады:

    • талап арыз беру;
    • сот отырысының хаттамасына ескерту келтіру;
    • өтініш, арыз, шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді әзірлеу және беру;
    • мемлекеттік алымдарды онлайн түрінде төлеу.

    Сонымен қатар, кез-келген ел тұрғыны өзіне қолайлы уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен танысып, сот актісін басып шығара алады.
    Аталған қызметтерді электронды цифрлық қолтаңбасы бар республиканың кез келген азаматы тұтына алады.
    Жоғарғы Соттың Call-орталығына 1401 қысқа нөміріне хабарласу арқылы қосымша ақпарат алуға болады (қалалық телефон арқылы қоңырау шалу тегін).

    Өту Сот кабинеті

Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz