• Басты
  • Мұғалімдер мен студенттердің құқықтық мектебі

Сонау 90-жылдарды айтпағанда мынау 2000-жылдардың өзінде Заңи жоғарғы оқу орындарында оқыған кезде, қазақ тіліндегі оқу құралдарының, материалдарының аздығына байланысты қазақ топтарындағы студенттер орысшадан қазақшаға аударып, өз білімдерін жетілдірді. Қазір, мінекі содан бері 15 жылға жуық уақыт өтсе де сол мүшкіл дәреженің маңайында жүрміз.

Неге? Себебі, ғаламторда қазақ тіліндегі материалдар аз, бар болғанмен де ақылы түрде. Көп авторлар, институт ұжымдары, ғылыми дәреже алған азаматтар өз еңбектерін интернетке салмайды. Міне, осы мәселені шешу үшін, барлық кітап авторларын, студенттерді, мұғалімдерді, магистрант пен докторларды, тіпті «Болашақ» бағдарламасын бітірген түлектерді өз еңбектеріңізді осы сайтқа шығаруға қол ұшын беруге шақырамыз. Бұл өз кезегінде, Сіздің «инемен құдық қазғандай» жұмысыңыздың нәтижесін көрсету ғана емес, оны оқырмандардың өз керегіне пайдалануына мүмкіндік беру.

Сонымен қоса, бұл сайт құқықтық ақпараттың орталығы болғандықтан, әр құқық салаларындағы дәрістер, курстық, дипломдық, магистранттардың жұмыстары өзі сияқты республикадағы басқа да Жоғарғы оқу орындарындағы ізденушілерге, әріптестерге салыстырмалы түрде ақысыз оқып-білу үшін пайдасы мол болатыны сөзсіз.

Айта кету жөн, бұл жағдайда плагиат проблемасы да өз шешімін табар еді. Неге десеңіз, осы интернет ресурс осыншама оқу жұмыстарын жинай отырып, өз кезегінде Орталық Базаға айналады, Яғни, сол жұмысты жазған адам да, ол жұмысты тексеруші адам да көшіріп алмағанын айқындау үшін тек осы сайтқа жүгінер еді.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, қазақ тілді білім алушылар мен заңгер-авторларды құқық саласында жазған еңбектеріңіз кітапханаларда, басқа да мекемелерде тозып жатқанша немесе тиражы аз шығып, біршама ғана азаматтардың қолына тигенінше, бүкіл оқырман қауымына тегін паш ету үшін электрондық нұсқасын бізге жолдауыңызды сұраймыз.

No comments
Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz