Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары О.Бектеновтың «Әділдік жолы» РҚБ өңірлік филиалдарының басшыларымен кездесуі.

2021 жылдың 22 қыркүйегінде «Әділдік жолы» РҚБ өңірлік филиалдарының басшыларының кездесуі өтті.

Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов қатысты, ол қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тартылғандығы мен маңыздылығына үлкен мән берді. Сондай-ақ ол еліміздің әрбір өңірінде қоғамдықұйымның филиалдарын құру халыққа жақынырақ болуға және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимылға белсенді қатысуға көмектесетіндігін атап өтті.

Ресми бөлігінен кейін кездесу семинар-тренингке өтті, онда қатысушылар өздерінің кәсіптік және коммуникациялық машықтарын арттыра алды.