Алматы облысында салық қызметкері мүмкіндігі шектеулі азаматтан 300 мың теңге бопсалаған

Алматы облысында салық қызметкері мүмкіндігі шектеулі азаматтан 300 мың теңге бопсалаған

Ағымдағы жылдың 7 шілдесінде, «Әділдік жолы» РҚБ-нің Алматы қаласы бойынша филиалына 1-топтағы мүгедек «М» атты азамат, салық органының лауазымды тұлғалары, қолданып жүрген арнайы салық режимін қалдырып, бұдан ары қарай өз қамқорлығына алатындығы үшін 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалағаны туралы мәлімдеген.

Арызданушыға Филиал тарапынан жан-жақты қажетті заң кеңесі берілді. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Әділдік жолы» РҚБ-нің Алматы қаласы бойынша филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы жасалған Меморандумға сәйкес, Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен жедел түрде кері байланыс орнатылып, сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы хабарланды.

Филиал тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тез арада жеткізу және жедел іздестіру шараларын жүргізудің нәтижесінде, 15.07.2022ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің қызметкерлері, арызданушыдан ақшалай сыйақы алу кезінде аудандық деңгейдегі салық органының қызметкері ұсталды.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.