Әділетті Қазақстан – жастардың тандауы

Бүгін, Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнінде, «Әділдік Жолы» келесі акциясын бастайды!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қолдауымен елдегі жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында жастарды жұмылдыруға бағытталған акциямызда белсенділік танытуға шақырамыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша тегін кеңес алуға болатын арнайы 1463 call орталық қосылды, сонымен қатар жастардан хабарлама қабылдап, өзекті жаңалықтарды жеткізетін @adildikjolykz әлеуметтік желідегі парақшалары ашылды.

Акция аясында Ғылым және жоғары білім министрлігімен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойылды. Ол студент жастарды акцияға жұмылдырып, ЖОО қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Жақында ғана көпшілігіміз Әділетті Қазақстан үшін таңдау жасадық. Енді жастардың бұл арманға жетуіне нақты мүмкіндік бар. Әрбір азамат сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге өз үлесін қоса алады, ал біз нақты құралдарды ұсынамыз, - деді Дидар Смағұлов.

Акция аясында сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы үздік идеялар мен жобалар байқауының басталғанын хабарлаймыз. Онда әрбір жас сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы көзқарасын ұсына алады.

Өтінімдер info@adildik.kz электронды мекен-жайына 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады. Одан кейін байқау комиссиясы еліміздің әр өңіріндегі үздік жұмыстарды таңдап, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сонымен қатар, кейбір идеялар эксперименттік пилоттық жобалар ретінде жүзеге асырылады, яғни жастар өз ұсыныстарының жүзеге асуын өз көздерімен көре алады.