Қызметтер

Адвокаттық қызмет«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 Заңында белгiленген тәртiппен, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және оларды iске асыруға жәрдемдесу мақсатында адвокаттар кәсiби негiзде көрсететiн бiлiктi заң көмегi болып табылады.

Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.

Адвокат - жоғары заң бiлiмi бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, мiндеттi түрде адвокаттар алқасының мүшесi болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетiн адвокаттық қызмет шеңберiнде кәсiптiк негiзде заң көмегiн көрсететiн Қазақстан Республикасының азаматы.

Заң көмегiн көрсете отырып, адвокаттар:

  • 1) ауызша және жазбаша нысанда да құқықтық мәселелер бойынша консультациялар мен анықтамалар бередi;
  • 2) арыздар, шағымдар, өтiнiштер мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды;
  • 3) сенiм бiлдiрушiнiң өкiлi ретiнде азаматтық сот iсiн жүргiзуге қатысады;
  • 4) қорғаушының немесе сенiм бiлдiрушiнiң өкiлi ретiнде қылмыстық және әкiмшiлiк сот iсiн жүргiзуге қатысады;
  • 5) аралық сотта, халықаралық коммерциялық төрелiкте (сотта) және дауларды шешетiн өзге де органдарда iстi қарауға сенiм бiлдiрушiнiң өкiлi ретiнде қатысады;
  • 6) мемлекеттiк органдарда, қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарда сенiм бiлдiрушiнiң мүддесiн бiлдiредi;
  • 7) егер шет мемлекеттердiң заңнамасында, халықаралық сот органдарының және өзге де халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында, шет мемлекеттердiң мемлекеттiк емес органдарында сенiм бiлдiрушiнiң мүддесiн бiлдiредi;
  • 8) сенiм бiлдiрушiнiң өкiлi ретiнде атқарушылық iсiн жүргiзуге, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезiнде қатысады;

Адвокаттар заңнамада тыйым салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетедi.

Нотариаттық қызмет – бұл нотариустың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегi № 155 Заңында және Қазақстан Республикасыныңөзге де заңнамалық актiлерiндекөзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.

Нотариаттық қызмет кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.

Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады.

Нотариус - заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн нотариаттық iс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған және аумақтық әдiлет органында есепке тұру тiркеуiнен өткен азамат.

Нотариус мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:

  • 1) мәмiлелердi куәландырады;
  • 2) шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттарын куәландырады;
  • 3) мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды;
  • 4) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;
  • 5) ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;
  • 6) мүлiктi иелiктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;
  • 7) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
  • 8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
  • 9) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге дұрыс аударылғанын куәландырады;
  • 10) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
  • 11) азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;
  • 12) құжаттардың берiлген уақытын куәландырады;
  • 13) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;
  • 14) ақшаны депозитке қабылдайды;
  • 15) вексель наразылықтарын жасайды;
  • 16) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
  • 17) теңiз наразылықтарын жасайды;
  • 18) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде нотариус жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.


Яндекс.Метрика Mail.ru
Copyright © 2014 || Сайт идеясының авторы Ерболат Ерімбет
Сайтты өңдеу және қолдау www.yoline.kz